Қарағандыда көлік апатынан бір жасар сәби көз жұмды

Қарағанды қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір жасар бала көз жұмды.

Көліктердің бірін полиция қызметкері тізгіндеген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайғылы оқиға Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған.

«Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі 37 жастағы полиция қызметкері бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан 1 жасар сәби қаза болып, жүргізуші мен жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы жүргізуші уақытша изоляторға қамалды.