Таразда автобус жаяу жүргіншіні мыжып кетті (видео)

Таразда автобус жаяу жүргіншіні мыжып кетті (видео)

Таразда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Жамбыл мен Төле би көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік бұрылған сәтте жолдан өтіп бара жатқан адамды мыжып, бірнеше метр сүйреген. Ал автобус тоқтаған кезде денесі дөңгелектің астында қалды. 
Қайтыс болған 58 жастағы әйел адам екендігі анықталды. Қоғамдық көлік тізгінінде 22 жастағы жігіт болған.

Қазір аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, кінәлі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Полиция департаменті істің толық мән-жайын тергеуге байланысты жарияламай отыр.

Темірбек Оразымбетов, Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары:

– «Жак» маркалы автобус өзінің 30-маршрут бойынша бағыты бойынша келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен. Соның салдарынан әйел қайтыс болған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.