Ақтауда төбелеске қатысқан жасөспірімдердің кім екені анықталды

Ақтауда төбелеске қатысқан жасөспірімдердің кім екені анықталды
Baribar.kz

Енді сол іске қатысты тергеудің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды «Хабар 24»  Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полициясы мектеп дәретханасында таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің нәтижесін айтты. Төбелеске қатысқандар анықталды.

«Төбелескендер кәмелет жасына толмағандар. Енді олар қылмыстық жауапкершілік тартылады. Ал ата-аналарына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады, балалар есепке алынады», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін зардап шеккен бала өзімен қатарлас сынып оқушыларына ақша беруден бас тартқаны үшін оңбай таяқ жеген.

Салдарынанл ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім миынан қатты соққы алған және жақ сүйегі сынған.