Ақтүтек боранның кесірінен Шымкентте жарық сөніп қалды

Шымкентте бұрқасын салдарынан 20-дан астам шағын аудан жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

13 мыңға жуық тұрғын қазір жарықсыз отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің 16 авариялық бригадасы мен 11 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық мекеме күшейтілген режимге ауысты. Мамандар апат салдарын жойып, жарықты көп ұзамай береміз деп отыр. Ал қала мектептерінде екінші ауысымның оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Қала көшелері қардан тазартылып жатыр. Электр қуатының болмауынан кей жерлерде бағдаршамдар істен шықты. Көлік қозғалысы қиындамас үшін жол қиылыстарында полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеу жұмыстарына кірісті