Атырауда көлік ұрлап қашпақ болғандар ұсталды

Атырауда көлік ұрлап қашпақ болғандар ұсталды

Атырауда біреудің автокөлігін айдап, қашпақ болғандар ұсталды.

Кеше таңертеңгі сағат  08:00 шамасында полиция бөліміне қала ортасындағы Құрманғазы көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінен автокөлік ұрлап кеткендігі жөнінде хабар түскен. Шұғыл әрекет еткен бейнебақылау инспекторы «Сергек» камераларының көмегімен ұрланған көліктің бағыты мен қылмысқа қанша адам қатысқанын анықтады. Бірақ жедел іске кіріскен іздеуші топ жеткенше күдіктілер көліктен түсіп, іздерін суытыпты. Бейнебақылау операторы дереу «Батыс-32» экипажына бағыттама берді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті үш жігіт ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Дәурен Насиполла, патрульдік полиция қызметі батальон командирінің орынбасары:

- Тергеу кезінде анықталғанындай, күдіктілер 1990, 1992 және 1995 жылы туылған азаматтар болып шықты. Олар бұл әрекеттерін түсіндіре алмады. Оларға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.