Жетісайда сатушының сеніміне кірген әйел 49 млн теңгенің алтын бұйымдарын алып кетті

Түркістан облысында сатушыны алдап, 49 млн теңгенің алтын бұйымдарын алып кеткен күдікті ұсталды.

Жетісай қаласындағы базарлардың бірінде алтын сататын әйел аудандық полиция бөліміне арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, олар ауызша келісім жасап, тауарды көтерме бағамен сатып отырған. Әбден сенімге кірген күдікті соңғы саудасы кезінде жарты ақшасын кейін беремін деген. Алайда алтынды алған соң алаяқ әйел ұшты-күйлі жоғалған.

Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру кезінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауға алынып, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал аса ірі мөлшердегі алтын бұйымдар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Анит Рахматулла, Жетсай АПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі:

- Қазіргі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстың іс бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.