Түркістан облысында мектепке ноутбук жеткізуден 2,5 млрд теңге жымқырғандар әшкереленді

Түркістан облысында мектепке ноутбук жеткізуден 2,5 млрд теңге жымқырғандар әшкереленді

Түркістан облысында тапсырыс берушіге қашықтан оқуға арналған ноутбуктарды жеткізу арқылы әккілер 2,5 млрд тг жымқырғысы келген.

«МТ-Сервис» ЖШС және облыстық әкімдіктің Адами капиталды дамыту басқармасының лауазымды қызметкерлері бюджеттік қаражатты қалтасына басты деп күдікке алынды. Жоғарыда аталған екі тарап арасында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың ноутбук жеткізу келісім-шартына қол қойылған. Іс жүзінде тауарлардың жалпы құны небәрі 2,5 млрд теңгені құраған. Мұның үстіне электроника құжатта көрсетілген техникалық сипаттамаға сай болмай шықты. Қазір кәсіпорын директоры ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.