Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында көз жұмды

Шымкентте жетінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезініп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

12 жастағы оқушы дарынды балаларға арналған №1 лицей-интернатына биыл ауысып келген екен. Бұған дейін денсаулығына шағымы болмапты. Сол күні дене шынықтыру сабағында жүрегі айнып, көкірек тұсы ауырған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған жасөспірімге мидың ісінуі және жүрек бұлшық етінің кеңеюі деген диагноз қойылды. Сот медицналық сараптамасы тағайындалды.

Лаура Нахыпқызы, қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

- Бала ешқандай аурумен есепте тұрмаған. «Д» учетта тұрмаған. Баланың қосалқы аурулары болмаған. Алайда жедел көрсетілген реанимациялық көмекке қарамастан бала сол күні сағат 16:30 шамасында көз жұмды. Балада қайтыс болғандағы болжамды диагнозы: жіті жүрек жетіспеушілігі, өкпенің және мидың ісінуі, жүрек тамырларының кеңеюі.