Ақтөбеде жол ережесін сақтамағандар екі оқушыны қағып кетті

Ақтөбеде жол ережесін сақтамағандар екі оқушыны қағып кетті
Polisia.kz.

Екі оқиғада да жүргізушілер жол ережесін бұзып, кәмелетке толмаған екі баланы жазым етті, деп хабарлайды «Хабар 24». Polisia7kz.-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Алға қаласында Есет батыр көшесімен келе жатқан «Daewoo Nexia» автокөлігі өтіп бара жатқан адамдарға жол бермей, жаяу жүргіншілер өткелін жылдамдықты асыра кесіп өткен. Салдарынан жарақат алған 9 жасар қыз бала Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ тағы бір оқиға Қандыағаш қаласында тіркелген. №5 орта мектептің жанында Жамбыл көшесінде «Ауди-80» көлігінің жүргізушісі 10 жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кәмелетке толмаған қыз Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Екі жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.