Алматы көшесінде автокөлік төбесіне адам отырғызып жүйткіген жүргізуші жазаланды

Алматы көшесінде автокөлік төбесіне адам отырғызып жүйткіген жүргізуші жазаланды
inform.kz

Алматы полициясы автокөліктің төбесіне адам отырғызып алып тасыған Mercedes-Benz Gelenvagen маркалы автомобильдің жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақында әлеуметтік желілерде ұялы телефонның камерасына түсірілген, заңға қарсы әрекеттер туралы жазба жарияланды. Тиісті тексерулер жүргізу барысында «Mercedes-Benz» маркалы көлік жүргізушісі анықталды. Ол – 1987 жылы туған Есполов Н.А.есімді азамат. Енді ол ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 593 бабы 1 тармағы, яғни жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау дерегі бойынша жауапқа тартылды.

Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Facebook парақшасына жазды.