Павлодарда көлік қаққан 58 жастағы ер адам көз жұмды

Павлодарда көлік қаққан 58 жастағы ер адам көз жұмды
inform.kz

Павлодарда жол жиегінде отырған 58 жастағы тұрғынды Shacman көлігін тізгіндеген жүргізуші қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргінші оқиға орнында қаза тапты», деп мәлім етті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бүгінде көлік айып тұрағына қойылған. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмған болатын. «Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136 шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.