Атырауда жасөспірім қызды 4 ит талап тастады

Атырауда жасөспірім қызды 4 ит талап тастады

Атырауда 13 жасар қыз баланы 4 бұралқы ит талап тастады. Оқиға қала іргесіндегі Дамбы ауылдық округінде болды.

Денесінің сау тамтығы қалмаған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Соңғы уақытта қалада бұралқы ит көбейіп кеткен. Салдарынан қайғылы оқиға да жиі болады. Осы жылдың 11 айында 300-ден астам бала итке таланып, облыстық балалар ауруханасына түскен. Ал соңғы айдың өзінде 45 тұрғынды ит қауыпты.

Әлия Жәмитова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 2008 жылы туған қыз баланың жағдайы қазір ауыр. Аяқ-қолы мен бетінде ит тістеген ауыр жарақат бар. Оған қоса бұралқы иттер екі иығын да жұлмалап тастаған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер үнемі бақылауда ұстайды.