Шымкентте сауда үйінен өрт шықты

Бүгін түнде Шымкенттегі сауда орындарының бірінен өрт шықты.

Жібек жолы көшесінде орналасқан сантехника және құрылыс заттарын сататын дүкеннің 80 шаршы метрін қызыл жалын шарпыды.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары бір сағат бойы арпалысты. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Зардап шеккендер жоқ.