Нұр-Сұлтан–Қарағанды ​​тасжолында бір уақытта бес көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтан–Қарағанды ​​тасжолында бір уақытта бес көлік соқтығысты
Tengrinews.kz

Жол апатынан Volkswagen көлігіндегі үш жолаушы дене жарақатын алды, деп хабарлайды Хабар 24 Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 14:13 шамасында Audi автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды ​​тасжолымен Армандастар көшесіне қарай бара жатып, ара қашықтықты сақтамай, Volkswagen көлігіне соқтығысқан. Volkswagen алда тұрған Škoda көлігін соққан.

Артынша, Kia автокөлігі Audi-мен соқтығысқан. Audi қарсы қозғалыс жолағына шығып, Honda маркалы автокөлікке түйіскен.

Жол апатынан Volkswagen-нің үш жолаушысы дене жарақатын алды, олар ауруханада дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Тексеру жүргізіліп жатыр.