СҚО-да қызметтік көлікке оқ атылған

Оқиға өткен демалыс күндері «Челябі - Новосібір» тас жолының 635 шақырымы, яғни Чистое ауылы маңында болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Қызметтік көлікке оқ ату фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Accent маркалы жеңіл көліктің терезелері, шамдары және бампері сынған. Полицейлер бұл автомашинаға батырмалы мылтықпен бірнеше мәрте оқ жаудырғанын растады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал зақымданған көлік білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне тиесілі. 25 жастағы оның жүргізушінің темір тұлпарды заңсыз мініп кеткендігі белгілі болды. 

Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Қызметтік көлікті рұқсатсыз алып, Мағжан Жұмабаев ауданына туысқандарына барған. Кейін жолда машина сынып, ол мемлекеттік нөмірді алып, багажға қойып, машинаны жауып кетіп қалған. Көлік жүргізушіні жұмысқа алған кезде міндетті түрде департамент тарапынан материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалды. Сондықтан тергеу жұмыстарыаяқталғанна кейін көлікті ол өз тарапынан жөндеуі керек.

Сән Жұмағазина, облыстық ПД бөлім басшысы:

– Аталған факті ҚР ҚК 2020 бабы, 2 бөлігі, яғни бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.