Алматы-Қорғас жолында 17 көлік соқтығысып қалды

Алматыдан Қорғасқа барар жолда 17 көлік соқтығысты. Оқиға бүгін сағат таңғы 10-нан өте бере жолдың 134-шақырымында болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 адам жарақат алған. Олар жедел жәрдеммен Шелек ауданының ауруханасына жеткізілді. Үшеуіне хирургтер ем жасаған. 8 адам үйіне қайтарылды.

Қазір оқиға орнында патрульдік полицейлер қызмет атқарып жатыр. Куәгерлер  түсірген бейнежазбада автомобильдер, бірін бірі соққаны көрінеді. Өйткені жол көк мұз. Көліктер тоқтай алмай жатыр. Әрі алдағы көлік жақын келгенде болмаса алыстан көріне де қоймайды. Осыған байланысты құтқарушылар көлік жүргізушілер мен жолаушыларды ескертуге мән беріп, алыс жолға шықпауға шақырады. Оқыс жағдайға тап болғандар 14-03 нөміріне қоңырау шалуы керек. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Аймақтағы қою тұманға байланысты осы  жолдың  84 тен 136-шақырымына дейінгі жол жабылды.