Таразда жаңажылдық шырша жанып кетті

Жаңа жыл түні ел жұртқа думан, қызықққа толы болғанмен, шыжығы да жоқ емес, деп хабарлайды Хабар 24.

Таразда дәл түнгі, 12-нің шамасында бас шырша өртеніп кетті. Қаладағы шырша «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің алаңына орнатылған болатын. Бұл жасыл желек болғанмен, табиғи емес жасанды шырша екен.Өрт көпке ұзамай сөндірілген.

Төтенше жайғдайлар қызметінің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. Оттың неден тұтанғаны да әзірге белгісіз.