Шымкентте сауда үйін тонағандар ұсталды

Шымкенттегі жаппай бүлік кезінде ірі сауда орталығын тонағандар ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің бастығы, комендант Ералы Жұмаханбетовтің айтуынша, 5 қаңтар күні түнде бұзақылар қаладағы «Метро» сауда үйінің есік-терезесін сындырып, тауарларды ұрланған. Олар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 күдікті «Нұрсат-3» шағын ауданындағы жалдамалы пәтерден ұсталды. Олар 2001 және 2002 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды. Айғақ зат ретінде сауда орталығынан ұрланған тауарлар тәркіленді. Бұдан бөлек сауда дүкенін тонаған тағы бір азамат қолға түсті. Ол ұрлаған заттарын өзі жұмыс істейтін көлік жуу орнының демалыс бөлмесіне жасырыпты.

Ералы Жұмаханбетов, қала коменданты:

- Ұрланған тауарлардан бөлек бөлмеде ерекше иісі бар зат пен ішінде сары сұйықтығы бар кесілген пластикалық бөтелке және кастет анықталды. Қазіргі таңда жайттар бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар «Метро» сауда орталығынан ұрланған басқа да заттарды анықтауға бағытталған шұғыл іс-шаралар жалғасуда.

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды