Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды, – деп забарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның барысында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы «Эскорт» атыс қаруы табылды. Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тараз қаласы Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.