Атырауда бір күнде бірнеше жол-көлік оқиғасы болды

Атырауда бір күнде бірнеше жол-көлік оқиғасы болды

Атырауда бір күнде бірнеше жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні сағат 09:30 шамасында Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі Атырау-Орал тас жолы бойы, Береке ауылынан асқан тұста басып озу кезінде алдында бір бағыттас солға бұрылып жатқан Ваз-2114 автокөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен Toyota Pradо автокөлігі жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан.

Соққы салдарынан жарақат алғандар жоқ, электр бағанасына келтірілген материалдық шығын анықталуда. Одан басқа, 26 қаңтар күні сағат 08:00 шамасында Toyota Corolla автокөлігі Атырау-Еркінқала тас жолы, Жұмыскер мөлтек ауданының тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Audi-A6 автокөлігімен соқтығысқан.

Осындай оқыс оқиғаларды болдырмау үшін атыраулық полицейлер күннің тайғақ болуына байланысты жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады.