Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды
inform.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін, 28 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген «MAN» маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry маркалы жеңіл көлік. «Жол-көлік апатының салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім»,– деп хабарлады баспасөз қзыметінен. Қазір полицей қызметкерлері жол-көлік апатына қатысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастады.