Шығыс Қазақстанда бір күнде тоғыз рет өрт шықты

Шығыс Қазақстанда бір күнде тоғыз рет өрт шықты
inform.kz

Семей қаласы Шугаев көшесіндегі ЖШС-нің екі қабатты ғимаратының ағаш шатыры өтке оранды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеді.

Өрттің шығуына пешті монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін.

«Риддер қаласы Семенов көшесінде екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесіндегі жиһаз өртенді. Құтқарушылар барлау барысында 61 жастағы үй иесін тауып, сыртқа алып шықты. Тілсіз жаудың шығу себебі – отты абайсыз қолданудан болуы ықтимал», делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Семейдегі Западная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің гаражында тұрған 1990 жылғы «Газ 2410» автокөлігінде өрт шыққан. Алдын-ала мәлімет бойынша, оттың шығуы себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару.

Осыған ұқсас өрт Алтай ауданында болды. Қызыл жалын Mercedes GL көлігінің моторын шарпыған.

Бородулиха ауданы Орловка ауылында шаруашылық қора-жай мен моншаның шатыры жанып кетті. Өрт электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан.