Астанада теріс діни ағым мүшелері ұсталды

Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері деструктивті діни ағым тобының мүшелерін ұстады.

Оларға «ел аумағында экстремистік ұйымға адам тартты» деген айып тағылып отыр. Күдіктілердің екеуі жарылғыш заттарды заңсыз сақтап, ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Бұл азаматтардың үйін тінту кезінде экстермистік бағыттағы әдебиет пен басқа да дәлел-айғақтар табылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.