Павлодар облысында заңсыз майнинг анықталды

Павлодар облысында заңсыз майнинг анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар облысында заңсыз майнингті анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екібастұз ГРЭС-1 аумағында үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында пайдаланылатын электр энергиясын заңсыз тұтыну және сату ұйымдастырылғаны белгілі болды. Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңгені құрады. Тергеу жүріп жатыр.