Алматыда заңсыз майнинг фермасы әшкереленді

Алматыда заңсыз майнинг әрекеті әшкереленді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент өкілдері индустриалды аймақта жасырын жұмыс істеп тұрған майнинг фермасын тапқан. Тінту кезінде 6 контейнерде цифрлық криптовалюта өндіруге арналған 700-ден астам арнайы қондырғы шықты. Қазір осы іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.