Жамбыл облысында салмағы жарты тонна бомба табылды

Жамбыл облысында салмағы жарты тонна бомба табылды

Ол жарылған жағдайда радиусы 200 метр қашықтыққа дейінгі аралықты тып-типыл етуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жойқын жарылғыш қару Байзақ ауданындағы құмды алқаптан шықты. Оны жергілікті тұрғын темір-терсек іздеп жүріп тауып алып, полицияға хабар берген көрінеді. Мамандар оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін анықтады.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп полигонға алып кетті. Полицияға қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапаттауға ұсынылды.