Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
alau.kz

Қостанай облысында жолдағы көктайғақтан үш көлік соқтығысты.

Оқиға 24 ақпан күні сағат 20:30 шамасында Қамысты ауданы Бестөбе ауылынан бес шақырым жердегі Қарабұтақ-Қостанай автожолының 233 шақырымында болған. Жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі Қостанай қаласына бара жатқан жолда «Газ» көлігімен соқтығысқан. Одан қалды бұл екі көлікке UAZ Picku келіп соқтығысқан.

Жол апатынан «Газ» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі Қамысты орталық аудандық ауруханасында көз жұмды.