Атырауда жеңіл көлік қағып кеткен адам мерт болды

Атырауда жеңіл көлік қағып кеткен адам мерт болды
Inform.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 25 ақпанда Атырау қаласында болған.

Жол жиегінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні Тoyota Camry көлігі түнгі сағат 22:00 шамасында қаққан. Жолаушы оқиға орынында көз жұмған. «Дүтбаев көшесіндегі жол жиегімен келе жатқан 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші жол жиегінде қайтыс болды. Көлік рөліндегі жігіттің жасы 28-де», – делінген департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.