Алматыдан 872 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 872 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Inbusiness.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOMЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 ақпан күні сағат 01:52-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 872 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 5 км.