ШҚО-да көмір тиеген 9 вагон рельстен шығып кетті

ШҚО-да көмір тиеген 9 вагон рельстен шығып кетті
promputsnab.ru

Көмір тиеген 9 вагонның рельстен шығып кетуіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл оқиға бүгін, яғни 2022 жылғы 28 ақпанда сағат 05-30-да Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының Дегелен стансасында болды. Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелен» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.