«Нұр жолындағы» жемқорлық: кеденшілер 50 мың доллар көлемінде пара алған

«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісін тіркеді. Құзырлы орган қызметкері жүргізілген тексеріс бойынша оң шешім алу үшін аталған параны ұсынған. Тексерушілерге ірі көлемдегі контрабандалы тауарды жасыру үшін 30 мың доллар пара берген уәкілетті экономикалық оператордың өкілі де ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.