Жамбыл облысында ұрланған 22 қару мен 800-ге тарта оқ-дәрі табылды

Жамбыл облысында ұрланған 22 қару мен 800-ге тарта оқ-дәрі табылды

Жамбыл облысында өткен аптадан бері 22 ұрланған қару мен 800-ге тарта оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер тәркілеген суық қару арасында 3 граната, 12 аңшылық қаруы, 2 газды тапанша бар. Қазір оның бәрі сот-баллистикалық сараптамаға жолданды. Өңірлік полиция департаменті заңсыз әскери жабдықтар жайлы хабар берген азаматтардың, өзге құқық бұзушылыққа қатысы жоқ болса, жауапкершілікке тартылмайтынын ескертті.