Қызылордада жолаушылар тасымалдайтын автокөлік аударылып қалды

Қызылордада жолаушылар тасымалдайтын автокөлік аударылып қалды
Хабар 24

Оқиға бүгін, 11 наурызда Желтоқсан көшесі мен Қорқыт ата көшелерінің киылысында болған.

Жолаушылар тасымалдайтын «Mercedes Benz» автокөлігі мен «Toyota Camry» көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Қоғамдық көлік жолаушыларына дәрігерлік көмек көрсету мақсатында медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.