Қайрат Сатыбалдының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қайрат Сатыбалдының үстінен қылмыстық іс қозғалды
SN.kz

Қайрат Сатыбалдының үстінен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді. Агенттік төрағасының айтуынша, қазір қолды болған қаражат сомасын мамандар анықтауға кірісті. Нақты ақпарат арнайы сараптамадан кейін жарияланады. Дегенмен бұл іске қатысты миллиардтаған қаражат жымқырылуы мүмкін деген күдік бар.

Сондай-ақ қазір «Қазақтелеком» кеңселерінде тінту жүріп жатқанын алға тартты төраға. Сонымен қатар агенттік басшысы күдіктінің Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын айтты. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Қазіргі таңда осы «Қазақтелекломға» қатысты бірнешге іс қозғалды. Оның ақшасын жымқыру фактілері бойынша. Сол шеңберде тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы бар ма? Ол бойынша тергеу амалдары барысында анықтаймыз. Әзірге нақты ақпарат бере алмаймыз.