Петропавлда апат кезінде жоғалған әйелдің денесі табылды

Құтқарушылар жылу электр орталығындағы апат салдарынан үйінді астында қалған әйелдің денесін екі күннен бойы іздеп, бүгін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол мұржадан құлаған тастардың астында қалып қойған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Кәсіпорында машинист - қараушы болып істеген жұмысшыны құтқарушылар екі күн бойы іздеді. Өткен жексенбіде қаладағы жылу электр орталығында 150 метрлік мұржа жартылай  опырылып түскен болатын.