Таразда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан жігіт ұсталды

Таразда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан жігіт ұсталды

Жамбыл облысының Полиция депаратаменті синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тұрғынды ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір ай бойы Тараз қаласының 25 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жігіт облыс орталығы аумағында синтетикалық есірткі заттарын сатумен айналысқан.

Күдікті жалпы салмағы 4 грамнан асатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі затының 13 бумасын сату кезінде ұсталды, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.