Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелді қағып кетті

Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелді қағып кетті

Полиция екі қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

29 наурызда сағат 21:00-де Ақтоғай ауылында 55 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Құқық бұзушы орнынан қашып кетті.

- Полиция «Ұстап алу» жоспарын енгізді. Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау екенін көрсетті, – деді Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол-көлік оқиғасын ұйымдастыру және ЖКО орнын қалдыру фактісі бойынша құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.