Қарағанды облысында екі баланы ит талап, біреуі көз жұмды

Екі баланы ит қауып, біреуі алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірі 5-те, екіншісі 3 жаста екен. Қайтыс болған екіншісі, сол үш жастағы періште. Оқиға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында болған. Баланың үлкеніне медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай сол балалар тұратын үйдің ауласында болған.

Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.