Қарағандыда тоғыз жастағы бала қар суы жиналатын арыққа батып кетті

Ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сағат 15:45-те 112 қызметіне ойнап жүрген жасөспірімдердің бірі арықтағы суға құлағаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір сағаттан кейін баланың денесін судан алып шықты. Қазір оқиғаға қатысты тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.