ШҚО-да жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Ак Жайык

2022 жылғы 3 сәуір 12:04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті.

«Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін «ҚТЖ» «ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», – делінген баспасөз мәліметінде.