Алматыда терезе жуып жатқан альпинист биіктен құлап көз жұмды

Алматыда терезе жуып жатқан альпинист биіктен құлап көз жұмды
inform.kz

Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесін жуып жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады. «1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр. Бұл факті Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.