Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, мерт болды

Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, мерт болды
Иллюстративті фото / 24.kz

Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жергілікті мұнай өндіру компаниясының өндіріс орнында болды. Ал мерт болған адам сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген.

«Сырдария ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Қылмыстық–процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.