Алматыда көлік өртеніп кетті

Алматыда көлік өртеніп кетті
kris.p.almaty.official

Алматыда Орбита-3 шағын ауданында Ford Mondeo көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуірдің 21-і күні сағат 8:38-де 101 пультіне Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшамауданынан хабарлама келіп түсті. Яғни 16 үйдің алдында «Форд Мондео» автокөлігі өртеніп жатқаны анықталды.

«Бізді көлік иесінің өзі қарсы алды. Өртті сағат 09:03-те сөндірдік. Естеріңізге сала кетейін, көліктегі өрт тез таралып, оны 2-3 минуттың ішінде толығымен жойып жібереді. Сондықтан мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында автокөліктердің электр жабдықтарын тексеру керек, көлікте әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіштері болуы керек», – деп хабарлайды ПЧ-17 қарауыл бастығы Жандос Сәтімбек.