Өскеменде бес жасар бала көлік астына түскен

Бес жасар бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға Бажов көшесіндегі аялдамада болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, қыз бала әжесімен автобустан шыққан сәтте, көлік астына құлап түскен. Көлік жүргізушісі болса, оны аңғармай жүріп кеткен. Полиция департаменті оқиғаны растап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автобус рульіндегі 59 жастағы азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Татьяна Карпова, ШҚО ПД бөлім басшысы:

–  Көлік жүргізушісі сол сәттен бастап уақытша қамау абақтысына қамалды. Қазір барлық тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы  мүмкін.