СҚО-да үй өртеніп, төрт адам қаза болды

СҚО-да үй өртеніп, төрт адам қаза болды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақжар ауданына қарасты Май ауылындағы жеке тұрғын үй өрт сөндірушілер келгенше түгі қалмай жанып кеткен. Жедел ақпарат төтенше жағдай бөліміне бүгін түнгі сағат 3-те келіп түскен. Құтқарушылар жеткенше, жергілікті тұрғындар қызыл жалынды өздері өшірмек болған.

Айта кетейік, ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан.