Павлодарда селфи жасаймын деп пойыздың төбесіне шыққан қызды тоқ соқты

Павлодарда селфи жасаймын деп пойыздың төбесіне шыққан қызды тоқ соқты
inform.kz

Павлодар тұрғыны пойыздың төбесінде селфи жасаймын деп ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Pavlodarnews-тың жазуынша, бойжеткеннің жағдайы ауыр. Қайғылы оқиға Жолқұдық теміржол стансасында болған. 18 жастағы қыз селфи түсіру үшін пойыз вагонының үстіне шыққан кезде оны ток соққан. «Денесінің жартысы термиялық күйік алған, сондай-ақ ІІ-ІІІ дәрежелі травмалық шок бар. Басының шаш өсетін бөлігі соғылған», – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда қыздың денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Атап айтқанда денесінің оң жағы, аяғы мен қолы. Бойжеткеннің пойыз вагонына селфи үшін өрмелеп шыққанын куәгерлер айтқан.