Нөсер жауын салдарынан үйлерді су басты – Маңғыстау облысы

Жаңаөзенде 90-ға тарта үйге су кірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар көше мен аулаларда су көлкіп тұр. 200-дей отбасы жарықсыз қалды. Маңғыстау облысының тағы үш ауданы мен Ақтау қаласының өз басында да су жүріп, елді әбігерге салды. Кешелі бері төпеп тұрған жаңбыр енді ғана басылғанға ұқсайды. Ақтауда 11 көшеге су жайылып, үш аула көлкіп тұр. Құтқарушылар мен жергілікті билік суды сорып, ағызып жіберуге күш салып жатыр. Жедел штаб құрылған.