Елордада құрылыс алаңындағы кран кабелі үзіліп, жұмысшы қаза тапты

Елордада құрылыс алаңындағы кран кабелі үзіліп, жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«15 мамыр сағат 03:34 шамасында Есіл ауданы Тұран даңғылы, 50 мекенжайында «Тұран 1» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі аумағында қайғылы жағдай болды. Құрылыс салушы «EMPAIRE» ЖШС. Оқыс оқиға құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соққан», – делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. «Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елорда бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқарады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады», – деді министрліктің баспасөз қызметі.