Жамбыл облысында контрафактілік өнімдер тәркіленді

Жамбыл облысында контрафактілік өнімдер тәркіленді

Жамбыл облысында Puma, Adidas, Reebok сынды әйгілі брент атауларын «жамылған» спорттық киімдер тәркіленді. Заңсыз тасымал қырғыз-қазақ шекарасындағы тексеру бекетінде анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мыңға тарта өнімнің жоғарыда аталған компанияларға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Әзірге Puma-ның өкілдері анықталған  тауарға келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асатынын мәлімдеді. Қалған брендтерден шағым түспеген. Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.

Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хатшысы:

Агенттік басқа келтірілген шығынды анықтаумен айналысуда. Қазіргі таңда бірқатар жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 200 бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.