Шымкентте ғимараттың шатыры ұшып кетті

Шымкентте футбол ойнап жатқан спортшылар бір ажалдан қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан премьер лигасы чемпионаты өтіп жатқанда әкімшілік ғимаратының шатыры ұшып, алаңға түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Жергілікті Ордабасы футбол клубы мен павлодарлық Ақсу командасы арасындағы чемпионаттың 12-туры аясындағы кездесу кейінге қалды. Ал шатырды жел ұшырған болып шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен.